АСТАНА, 29 қаңтар. — Sputnik. Жанар-жағар май бағасын нарық реттейтін болады, деп мәлімдеді энергетика министрлігінің басшысы. Ал мемлекет мұнай өнімдерінің бағасының күрт өсуіне жол бермейді.
"Егер қандай да бір жанар-жағармай бекеті бағаны тым қымбаттатса табиғи монополияға қарсы агенттік кез келген уақытта тергеуді бастай алады. Нарыққа қатысушылар бұл туралы біледі және министрлік реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды", - деді Сәтқалиев.
Энергетика министрлігінің болжамы бойынша бензин бағасы алғаш қымбаттағанда 5 теңгеден (0,01 доллар) аспайтын болады. Ал одан кейін баға күрт көтеріліп жатса бірден әрекет ететін болады.