Қазақстан балмұздағын экспорттауда рекорд жаңартты

Қазақстан балмұздағын экспорттауда рекорд жаңартты
(0 Votes)

Ішкі өндіріс қарқынды емес. Ел кәсіпорындарында былтыр 52 мың тоннаға жуық балмұздақ өндірілді, деп хабарлайды 24kz.

Нарықтың 56%-ін отандық өнім қамтиды. Бір жылда әр қазақстандық 3 келідей балмұздақ тұтынған. 2023 жыл рекордтық маусым болды. Мамандар бұл нарықта өндірістің бірде артып, бірде құлдырап отыруы қалыпты жағдай дейді. Тұтыну көрсеткіші артатын шақ – жаз мезгілі. Ал бағаға шикізат құны мен сатылым әсер етеді. Сөйтіп, өткен жылы кәсіпорындар 67 млрд теңге табыс көрген. Өндіріс орындары Алматы,Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында шоғырланған.

Былтыр Қазақстан сыртқы нарыққа 10 мың тоннаға жуық балмұздақ экспорттады. Көрсеткіш 70%-ке өскен. Импорттаушылар көшін Ресей бастайды. Мұнда өнімнің 69%-і жөнелтілді. Тізімді Қырғызстан мен Өзбекстан жалғайды. Бұған дейін аталған елдердің балмұздағын көп тұтынатын отандастарымыз таңдауын өзгерткен. Былтыр импорт төмендеді. Бас-аяғы 12 мың тонна өнім елге жеткізілді. Мамандар Ресей мен Беларусь балмұздағына сұраныс азайғанын айтады. Ресейлік өнім импорты 5% төмендеді. Ал Беларусь өнімінің тасымалы 8 есе төмендеді. Сөйтіп, былтыр 46 тоннасын сатып алдық. Нарықта өзбек пен қырғыз тәттілерінің үлесі артып келеді. 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT