Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Қаржылық қауіпсіздік: XXI ғасырдағы сандық тұзақтар» атты аймақтық форум өтті.
Іс-шараның мақсаты — жастарды қаржылық сауаттылыққа баулу, алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдарын түсіндіру. Форумға Атырау облысының экономикалық тергеу департаменті мен университет өкілдері, сондай-ақ студенттер қатысты. Түрлі тақырыптарда баяндамалар жасалып, пікір алмасу болды.
Шара соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды.