Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң әзірленіп жатқанын, заң аясында қоғам мен мемлекеттік аппарат күш жұмылдыруы керек екенін айтқан болатын.
«Цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда. Оған бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан, қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр. Осы ретте «Amanat» партиясы ұсынған «Қарызсыз қоғам» жобасын атап өткім келеді. Азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға арналған осы жобаға былтыр 65 мың адам қатысты. Ал, биыл одан да көп адам қатысады», - деді Президент.
Жалпы қарызсыз қоғам жобасының мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, дұрыс тұтыну мәдениетін қалыптастыру, азаматтарға банктік қарыздар мен микронесиелер бойынша проблемалық берешектерді реттеуге көмектесу, қаржылық жоспарлау және бюджет басқару бойынша кеңес беру болып табылады.
Осы жобаны халқымыз өз игілігі үшін пайдаланса, болашақтың жарқын болары сөзсіз. Бұндай нәтижелі жобалар болашаққа деген бастама деп сенеміз.
Гүлдана Жұбанышқалиева