Қарағай ауылында жаңа медпункт ашылды

Қарағай ауылында жаңа медпункт ашылды
(0 Votes)

Жылыой ауданы Қарағай ауылында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен салынған медициналық пункт пайдалануға берілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Жаңа ғимаратта алдын ала егу, таңу, қаралу бөлмесі, қызметкерлер үшін санитарлық торап, әйелдерге және ерлерге арналған санитарлық тораптармен қамтылған. Қарағай елді мекені үшін аталған жаңа нысан халық денсаулығының кепілі болмақ.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Градстройсервис» ЖШС атқарып шыққан. Техникалық қадағалаушы – «Мастер Металл Пласт» ЖШС. Ал, авторлық қадағалаушы – «Су Құрылыс Проект» ЖШС. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылдың қараша айында басталып, өткен жылдың соңында аяқталған екен.

Ғимарат бір қабаттан тұрады. Медициналық пункт – таңу, егу, қаралу, дәрігер бөлмелерімен, үш науқасқа арналған бөлмемен, қызметкерлер, әйелдер және ерлерге арналған санитарлық тораптармен қамтылған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT