Қызылқоға ауылдық округі Қарабау ауылында құрылыстар қарқын алуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атап айтқанда, бүгінде төтенше жағдай кезінде жырылған жол қалпына келтірілуде. Сонымен қатар, ауданда құм көшкінінен қорғау алаңының құрылысы да жалғасын табуда.
Аудандық әкімдіктің мәліметінше, мешіт құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ, ауданда спорт кешені салынып жатыр. Мердігер – «НСК «МВМ CONSTRUCTION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Сол секілді, «ИКАС» ЖШС балалар ойын алаңын салуда. Аталған нысан құрылысы жыл соңында ақталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде. Сонымен бірге, 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Мердігер – «Нуркапстройгаз» ЖШС.
Бұдан бөлек, 1,1 шақырым Қарабау ауылына кіреберіс жолды жарықтандыру жұмыстары 90 пайызға аяқталып отыр. Жыл соңында пайдалануға берілетін болады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ