«Қандыағаш-Мақат» учаскесіндегі жөндеу жұмыстары күзде аяқталмақ

(0 Votes)

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының, «Қандыағаш-Мақат» учаскесіндегі құрылыс жөндеу жұмыстары биыл қараша айында аяқталмақ.

Бұл турлы «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық Партиялық бақылау комиссиясының ауданға жұмыс сапары барысында белгілі болды. Арнайы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жерге барған бақылау комиссиясы жұмыстың жай-күйімен танысты. Автокөлік жолының жалпы ұзындығы 893 шақырым болса оның 552 шақырымы Атырау облысы аумағынан өтеді. 2018 жылы бастау алған жобаға 225 адам 143 техника жұмылдырылған. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша қайта жаңғыртылып жатырған 40 шақырым тас жол 2020 жылдың қараша айында бітеді деп жоспарлануда.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT