ҚАЛАНЫҢ ТЫНЫСЫ – БІЗДІҢ ЕҢБЕКТЕ

ҚАЛАНЫҢ ТЫНЫСЫ – БІЗДІҢ ЕҢБЕКТЕ
(0 Votes)

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ең алдымен, осы қоғамда еңбек етіп жатқан адамдардың кәсібилігі мен табандылығына байланысты. Солардың қатарында – күн сайын қаланың тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етіп жүрген тазалық қызметкерлерінің еңбегі ерекше. Қоғамның дамуына үлес қосатын бәсекеге қабілетті, жауапкершілігі жоғары жұмысшы мамандар – ел тірегі. Қала тазалаушы мамандығы – көзге көрінбесе де, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне, қоғамдық денсаулық пен экологиялық тұрақтылыққа тікелей әсер ететін маңызды сала.

Мен  «Спецавтобаза» ЖШС-нің учаске бригадирі болып жұмыс істеймін. Осы салада еңбек етіп келе жатқаныма 20 жыл болды. Біздің негізгі міндетіміз — қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету. Тазалық — тұрғындардың денсаулығы мен өмір сапасының кепілі. Сондықтан бұл жұмысты үлкен жауапкершілікпен атқарамын. Бізде 4 мезгілде де ауырлығымен қоса жұмыстың барлығын істейміз

2025 жылдың елімізде "Жұмысшы мамандығы жылы" деп жариялануы — біздің еңбегімізге берілген үлкен құрмет деп білемін. Бұл — қарапайым еңбек адамдарын қолдау, олардың қоғамдағы рөлін мойындау деген сөз. Біз сияқты тазалық саласында жұмыс істейтін жандар үшін бұл ерекше мақтаныш.

Күнделікті жұмысымыз көзге көрінбеуі мүмкін, бірақ қаланың көркі мен тұрғындардың жайлылығы тікелей біздің еңбегімізге байланысты. Әр көшенің таза болуы, қоқыстың дер кезінде жиналуы, санитарлық тәртіптің сақталуы — бәрі ұжымдық еңбектің нәтижесі. Өзім бригадир ретінде осы жұмыстың тиімді әрі сапалы атқарылуын күнделікті бақылап отырамын.

Жұмысшы мамандығы — адал еңбек пен табандылықты қажет ететін сала. Сондықтан жастарды да осындай пайдалы мамандықтарды игеруге шақырамын. Өз ісіммен мақтанамын және болашақта да қаламыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қоса беруге дайынмын.

 

Оразбике Дәулетова,

«Спецавтобаза» ЖШС-нің учаске бригадирі

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT