Қала күнінде облыс әкімі М.Досмұхамбетов көшет отырғызды

(0 Votes)

«Атырау қаласының 380 жылдық мерейтойына орай Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов шаһарды көгалдандыру шарасына қатысып, көшет отырғызды,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Жеміс ағаштары мен талдардың көшеттері "Балықшы" саябағындағы 2 гектар алаңға егілуде. Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов алма ағашы көшетін отырғызып, қала көлемінде ұйымдастырылып жатқан көгалдандыру жұмыстарына сәттілік тіледі.

120485585_2436255253348870_8790467427718824048_o

Өз кезегінде қала әкімі Қайрат Оразбаев жыл басынан бері қаланы көгалданыру жоспарына сәйкес, 20 мыңдай тал егіліп, қазір өсіп жатқанын атап өтті. «Атырау қаласын көгалдандыру облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің бізге жүктеп отырған басты міндеттерінің бірі. Сондықтан шаһарымызды жасыл қалаға айналдыру үшін алда да ауқымды істер атақарылады. Бұл бағытқа арналған нақты іргелі жобамыз бар. Ол үшін өңіріміздегі ірі компанияларды да тартамыз»,-деді қала әкімі.

Сондай-ақ оның сөзінше, бүгінгі іс-шараға ТШО, НКОК, АМӨЗ, «Ембімұнайгаз» АҚ мен Интергаз сияқты мұнай саласындағы бес ірі мұнай саласындағы компания басшылары да келген. "Балықшы" саябағындағы 2 гектар алаң атыраулық белсенді азаматтардың ұсынысымен ашылған.

120350188_2436255236682205_2137712687072469858_o

Игі шара соңында ардагер Ақмырза Батырхайыров көшет отырғузуға келгендерге алғысын білдіріп, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовке батасын арнады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT