Қайғылы жағдайдың көбі - ережені елемеудің салдары

(0 Votes)

Қарапайым жолаушы мен жұмысшылардың әр түрлі қауіпсіздік ережесі болады. Сонымен қатар, темір жолдан өткен кезде көпір арқылы немесе сақтықпен пойыз жоқ екеніне көз жеткізген соң ғана арнайы рұқсат етілген жермен жүру шарт.

Темір жолда жүру қауіпсіздігін бұзу арқылы өмірімізге қауіп төндіруіміз әбден мүмкін. Ең бір ескертетін жайт, темір жолда ұялы телефон қолдану және құлаққап киіп жүру өте қауіпті. Келе жатқан локомотивті немесе пойызды байқамай, ауыр жарақат алып, яғни өлімге әкелетін жағдай да болуы мүмкін. Әр адамның өмірі маңызды. Сол себепті қауіпсіздік ережесін сақтағанымыз дұрыс. 

2021 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша теміржол бойында  3 қайғылы жағдай орын алды.  

Теміржол бойында адамдар өз қауіпсіздігін қадағалап жүрсе, қайғылы жағдай болмаған болар еді. Әсіресе, жылжымалы құрамалар әр уақытта қозғалыста болатыны, жүк пойыздарын ажырату, бөлшектеу және қайта жасақтау, жүк вагондарын түсіріп – тиеу үшін тұйық жолдарға қою - қауіпті.

Бірақ соған қарамай, адамдар кез келген жерден кесіп өтуге құмар-ақ.

Жалпы ереже бойынша теміржол бойында бөгде адамдардың жүруіне тыйым салынған. Осындай талаптарға мән бермеушілік қайғылы оқиғаларға әкелетіні жоғарыда айтылды. Сондықтан, ата-ана, мектеп тәртіп сақшылары, қоғам болып бұл іске атсалыспаса, қайғылы оқиғадан арылуымыз қиын.

Өз өміріміздің қауіпсіздігі өз қолымызда екенін естен шығармайық, ағайын.

 

Т. Қанатбаева,

Мақат станциясының қозғалыс

қауіпсіздігі  жөніндегі инженері

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT