Мемлекеттік айыптауды сапалы қолдауды қамтамасыз ету нәтижесінде Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының алқабилердің қатысуымен шығарған үкімімен 2024 жылғы 23 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының Орал қаласының тұрғыны Д. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды.
Бұл тұлға «Альфа-пвп» және «Мефедрон» психотроптық заттарын ірі және аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді бұл тұлға өмірінің бірнеше жылын қауіпсіздігі барынша жоғары бас бостандығынан айыру орындарында өткізеді. Прокуратура облыстың құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, есірткі қылмысы толығымен жойылғанға дейін оған қарсы күресті күшейтті.
Атырау облысының прокуратурасы