Психотроптық заттарды сақтаған тараздық 2 тұрғын бас бостандығынан айырылды

(0 Votes)

Мемлекеттік айыптаушы Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Жамбыл облысының Тараз қаласының 2 тұрғынына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі 1,3,5-тармақтары бойынша 10 және 11 жылға бас бостандығынан айыруды қамтамасыз етті. ​

 Бұл адамдар «Телеграм» электрондық ақпараттық ресурсын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде «Альфа-пвп» психотроптық заттарын заңсыз сақтаған, өткізу мақсатында тасымалдаған. ​ Облыс прокуратурасы мен құқық қорғау органдарының күштері есірткі қылмысына қарсы аяусыз күреске шоғырланған. ​ Есірткіні заңсыз таратуға ниет білдірген әрбір адамды қатаң жолын кесу мен ауыр жаза күтеді.

Атырау облысының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT