Прокурорлар тыйым салынған заттарды алып өткені үшін жауаптылық туралы ескертеді

фото: https://24.kz/
(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Конституциясының 39-бабы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін екендігін бекітеді. 

Заңнама бас бостандығынан айыруға сотталғандардың өзімен бірге болуға рұқсат етілген заттар мен заттардың тізбесі және санын қатаң реттейді.

Осылайша, ақша, сондай-ақ Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында көзделмеген өзге де заттар, заттектер, тамақ өнімдерін сақтауға және пайдалануға тыйым салынады. Табылған жағдайда олар алынып қояды.

Алайда, «қамқор» туыстар мен достар өздерінің бастамасымен не қамаудағылардың өтініші бойынша адасып немесе қасақана мекемелерге тыйым салынған заттарды әкелуге тырысатын жағдайлар жиі кездеседі.

Алкогольдік ішімдік, дәрілік және басқа да есеңгiрететiн заттар, ақша, тамақ өнімдері, бұйымдар және Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған басқа да заттарды кез келген тәсілмен беру әрекеттері әкімшілік, ал жекелеген жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

2022 жылы ақша, телефон, алкоголь және есірткі құралдарын алып өтуге тырысқаны үшін 14 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, мекеме қызметкерлерімен тыйым салынған заттарды жөнелтудің 3 фактісі тоқтатылды.

Мысалы, есірткі заттарын пенитенциарлық мекемеге жөнелту кезінде С. есімді азамат ұсталды. Кейіннен ол санкциясында мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа берілді.

«Жауаптылық шаралары күшейтілуде. Қазір бас бостандығынан айыру орындарына телефондарды алып өткені үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу мәселесі шешілуде, психотроптық заттардың тізіміне трамадол, кетамин және басқалары енгізілді», - деп атап өтті облыс прокурорының орынбасары Нұржан СЕРІКҰЛЫ.

Облыс прокуратурасы азаматтарға қылмыстық заңмен қудаланатын әрекеттерге жол бермеу туралы еске салады. Атырау облысының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT