Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталды

(0 Votes)

 Президенттік жастар кадр резервіне үшінші іріктеуге қатысуға құжаттарды қабылдау аяқталды. Өтінімдерді қабылдауға берілген бір айда жобаның pkrezerv.gov.kz ресми сайтында 30 мыңнан астам адам тіркеліп, оның ішінде 6 404 қатысушы «Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» тестілеуіне жіберілді. 

Резервке іріктеу 6 кезеңнен тұрады: құжаттарды қабылдау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, ситуациялық тапсырмаларды шешу, құзыреттерді бағалау (ассессмент-орталық және құзыреттілік бойынша сұхбат), сарапшылық комиссиясында әңгімелесу және Ұлттық комиссияның отырысы.

Президенттік жастар кадр резерві – мемлекеттік басқару жүйесіне креативті және бастамашыл жастарды тартуға бағытталған жоба.

Іріктеу қорытындысы бойынша резервке 50 адам қабылданады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсан айының соңында жарияланады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT