Президент Жолдауынан кейін туындаған ойлар

Президент Жолдауынан кейін туындаған ойлар
(0 Votes)

2024 жылдың 2 қыркүйегі сағат 11-де ҚР президенті Қ.К. Тоқаев Астана қаласында Парламенттің біріккен мәжілісінде «Әділетті Қазақстан: заң ментәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына өзінің кезекті Жолдауын паш етті. 

Біз университеттің бүкіл ұжымы ректор, профессор С.Н.Идрисовпен бірге еліміздің дамуы үшін аса маңызды осы Жолдауды мұқият тыңдадық. Жолдаудың басында президент Парламенттің екі палатасының соңғы жылы жемісті еңбек еткеніне тоқталып, екінші сессияның өзінде ғана еліміздің дамуы үшін аса маңызды 102 заң қабылдағанын атап өтті.

Әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлініп, Ұлттық қордан олардың есепшотына қаржы аудару жөнінде заңның қабылданғанын айтты. Азаматтардың мойынында несиелер жүгін жеңілдету туралы заң да дұрыс екені атап өтілді.

Сонымен қатар президент Әділетті Қазақстанның құрылып жатқанын атап өтті. Инфляция баяулап, оның 2,5 есе төмендегені айтылды. Еліміздің халықаралық резерві 100 миллиард доллардан асқан. Жолдауда Президент елдің экономикасын, банклер мен салық жүйесін, жол мәселесі мен білім саласын, денсаулық сақтау ісін, атом энергетикасын дамытуға байланысты 9 бағытты көтеріп, олардың шешудің оңды жолдарын егжейлі-тегжейлі түсінікті тілмен баяндады. Атыраулықтарды мазалайтын мәселенің бірі – жол құрылысында оң өзгерістердің болатыны біздің көңілімізге қуаныш ұялатты. Биылғы жылдың өзінде ғана Қақстан бойынша 12 мың шақырым жол күрделі жөндеуден өтетін болды. Әскерге алынған балалардың денсаулығына әскери басшылықтың тікелей жауапкершілігі баса айтылды.

«Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел.

Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек»- деді Президент. Қ. К. Тоқаевтың Жолдаудағы осы сөздері біздерге, білім саласында еңбек ететін Атырау университеті оқытушы-профессорлар ұжымына үлкен міндеттер жүктейді деп есептеймін.

Шахман НАГИМОВ,

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Ардагерлер Кеңесінің Төрағасы,

Каспий маңы академиясының академигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT