Президент: Қазақстан - достық пен келісім мекені

(0 Votes)

Біз ұлтаралық, этносаралық қатынастар мәселелеріне деген көзқарасымызды қайта пайымдауға тиіспіз. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев informburo.kz ақпараттық-аналитикалық порталына берген сұқбатында айтты.

«Ертең, 1 наурыз жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барамын. Қордай ауданындағы қазақтар мен дүнгендер тұратын ауыл тұрғындарымен кездесуді жоспарлап отырмын. Біз ұлтаралық, этносаралық қатынастар мәселелеріне деген көзқарасымызды қайта пайымдауға тиіспіз. Қазақстан достық пен келісім мекені болып келді және солай болып қала береді. Біздің ұран: Әралуандықтағы бірлік. Мұнда тұратын барлық ұлттар, этникалық топтар біртұтас ұлт болып табылады. Әрине, Қазақстанда тұрақты тұратын әрбір этностың өзіндік ерекшелігі бар. Олардың барлығы өз тілдерін оқып-үйренуге және қолдануға, мәдениеттерді дамытуға, әдет-ғұрыптарды сақтауға құқылы», деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы әлем бойынша тез тарап жатқан коронавирустың алдын алу шаралары, еліміздегі митинг өткізу туралы жаңа заң жобасы, сондай-ақ ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктерді тіркеу

egemen.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT