Президент міндетіне адал барша ұстаздарға зор алғыс айтты

Фото: akorda.kz
(0 Votes)

«Мектептің қандай болмағы ұстазға байланысты». Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық педагогтер съезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап. 

«Жаңа дәуірде мектептің жағдайы мемлекеттің дамуына тікелей ықпал етеді. Ал мектептің қандай болмағы ұстазға байланысты. Бүгінде педагогика саласы ғылымның ең маңызды тармағының біріне айналды. Сондықтан, бұл салаға түбегейлі жаңа көзқарас қажет. Заманауи технологияның көмегімен білім беру жүйесін жедел әрі тиімді жаңғыртуға болады. Біз білім саласын ең үздік халықаралық стандарттарға сай дамытуымыз керек», - деді Мемлекет басшысы.

Президент міндетін адал атқарып келе жатқан ұстаздарға алғыс айтты.

«Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады» дейді. Мұғалімдердің қажырлы еңбегі және оқушылардың дарыны мен талабы нақты жемісін беруде. Өрендеріміз ширек ғасырда әлемнің ең беделді пән олимпиадаларынан 12 мыңға жуық медаль иеленді. Бұл – Израиль, Түркия, Канада сияқты білім сапасы жоғары мемлекеттермен шамалас көрсеткіш. Осының бәрі – сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасы. Мен түрлі қиындыққа қарамастан, міндетін адал атқарып келе жатқан барша ұстаздарға зор алғысымды айтамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT