Праймериз - болашаққа нық қадам

(0 Votes)

«Нұр-Отан» партиясы «Мықты лидерлер – мықты партия» қағидаты бойынша халықтың мұң-мұқтажы мен проблемалық мәселелерін нақты білетін және оны шешуге білімі мен біліктілігі жететін қоғам белсенділерін жасақтау жұмыстарын қолға алғаны белгілі. Оның ішінде пилоттық жоба ретінде өткен жылы алғаш рет партиялық кадрлық резервке іріктеу өткенін атап өту қажет. Қоғам үшін тиімділігі мол игі бастама, яғни, праймериз былтыр көршілес Жылыой ауданында ұйымдастырылған болатын. Бұл бағытта саяси науқанның өту барысы бойынша мол тәжірбие жинақтаған Кең Жылой өлкесіне табан тіреп, ақпарат алмасқан болатынбыз.

Праймериздің негізгі мақсаты Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларына партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды айқындау болып табылады. Осы ретте әлемдік пікір көшбасшыларының пайымдауына сүйенер болсақ, праймериздің жаңа лидерлерді анықтаудың таптырмас құралы екенін анық аңғарамыз. Дамыған елдердің тәжірбиесін тыңғылықты зерделеген жетекші партия, партия ішілік іріктеу өткізудің ережелерін бекітіп, сайлауға түсетін кандидатты таңдау үшін праймериз әдісі қолданылмақ.

Биыл елімізде алғаш рет өткізгелі отырған праймеризге құжат қабылдау науқаны басталып кетті. Әзірге ауданда алғашқылардың бірі болып 11 үміткер құжат тапсырып үлгерді. Оның ішінде 6 әйел, 5 өзін-өзі ұсынған, 6 бастауыш партия ұйымынан ұсынылған үміткерлерлер. Олардың ішінде алтауы 35 жасқа дейінгі азаматтар.

Барлығыда өз бағдарламалары мен жоспарларын нақтылап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамыу бағытындағы бағдарламаларын айқындап, оны жүзеге асыру жолдары бойынша жұмыстануда.

«Партиялық тізімдерге халықтың әртүрлі бөлігінің өкілдері, беделді, азаматтардың сеніміне ие болған отандастарымыз кіруі тиіс»,-деген болатын «Нұр-Отан» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаев. Яғни, «Нұр-Отан» партиясы креативті идеялары көп, білімі мен тәжірибесін ел дамуына арнауды мақсат еткен қоғам мүшелеріне әлеуметтік партиялық лифтті қамтамасыз етеді. Бұл мемлекетке қалтқысыз қызмет етсем дейтін азаматтардың ашық бәсекеде топ жарып шығып, халықтың қалаулысы атануына берілген тамаша мүмкіндік деп ойлаймын. Осы ретте алдағы праймеризге қатысамын деп тақым қысып отырған барша үміткерлерге сәттілік тілеймін!

Сондай-ақ, егер сіз ауданның тағдырына немқұрайлы болмасаңыз және оны жақсартқыңыз келсе – праймеризге қатысуға шақырамыз!

 

                        Ә.Қаржауова,

«Нұр-Отан» партиясы Мақат аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT