Полицейлер медицина саласындағы есірткінің заңсыз айналымының алдын алу бағытында түсіндірме жұмысын жүргізді

Полицейлер медицина саласындағы есірткінің заңсыз айналымының алдын алу бағытында түсіндірме жұмысын жүргізді
(0 Votes)

 Атырау жоғары медициналық колледжінде прекурсорлар мен дәрілік заттардың заңды айналымына қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында арнайы жиын өтті. Іс-шараға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Марьяна Джангалиева, Фармацевтикалық қызметті басқару бөлімінің басшысы Әсел Берденова және бас маман Эльмира Макашева қатысты. Кездесу барысында «Фармацевтика» мамандығының студенттеріне прекурсорлар мен дәрілік заттардың заңды айналымына қатысты анықталған құқық бұзушылықтар, олардың себептері мен салдары түсіндірілді. Сондай-ақ, есірткі санатына жататын дәрі-дәрмектерді сақтау, тасымалдау және науқастарға беру тәртібі туралы заң талаптары баяндалды. 

- Есірткі құралдарының заңсыз айналымы – ұлт пен шекара таңдамайтын, бүкіл әлемге ортақ өзекті мәселе. Кейде нашақорлықты инфекциялық емес эпидемиялық ауру деп атайтыны да бекер емес. Есірткі затын қабылдағаннан кейінгі қысқа мерзімді иллюзия ауыр тәуелділікке әкеліп, адамның денсаулығы мен болашағына орны толмас зиян тигізеді. Сондықтан баршаңызды еліміздің азаматтары мен келешек ұрпақтың денсаулығына қауіп төндіретін есірткі таралуына қарсы күресте белсенді болуға шақырамыз, – деді полиция подполковнигі Марьяна Джангалиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT