Өңірде енгізілген карантин режиміне байланысты Рамазан айында берілетін пітір садақасы мен зекетті тұрғындардың kaspi.kz мобилді қосымшасы арқылы беруге мүмкіндігі болады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазіргі уақытта аймақтағы барлық діни нысандар өз жұмысын тоқтатқан. Осыған сәйкес, мешіт сыртына және азық-түлік супермаркеттеріне арнайы жәшіктер қойылады. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифиннте Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мәлімдеді.
- Арнайы қойылған жәшікке жергілікті тұрғын үйі жақын орналасқан кез-келген азамат пітір-садақаларын сала алады. Сонымен қатар, ораза басталмастан бұрын онлайн садақа беру жобасы да іске қосылмақ. Бұл жоба kaspi.kz мобилді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады, - дейді ол.
Сурет: ашық дереккөз