2021 жылғы 4 ақпанда сағат 02:52 шамасында Атырау қаласы, Валиханова көшесінде орналасқан «Томирис» ықшам ауданының тұрғыны көршілес жалдамалы пәтерде жеңіл жүрістегі қыздар адамдарды қабылдап, түнгі мезгілде тыныштықтарын бұзғаны жөнінде 102 операторына хабарлама берген.
Хабарлама бойынша №2 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторларымен тексеру жұмыстары жүргізіліп, аталған жалдамалы пәтерден жезөкшелікпен айналысатын Түркістан қаласының 2 азаматшасы анықталып, оларға қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437 бабымен (түнгі тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.
Ал, үй-жайды жалға берген 1973 ж.т., пәтер иесіне қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450 бабымен (көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, қысқартылған түрде 218 775 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, пәтерді жалға беру дерегінің заңдылығын тексеру мақсатында, мәліметтер Атырау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына жолданатын болады.
Атырау облысы полиция департаменті