Бүгін - Жаңару күні. Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. Айрықша мейрам – Ұлыстың ұлы күні де жаңару, жаңғыру ұғымдарынан құралған. Биылдан бастап Наурыз мерекесі - жаңа форматта аталып өтуде.
Жаңадан бекітілген наурызнама онкүндігі аясында депутаттар не дейді?
Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- 19 наурыз ел тарихында, біздің саяси жылнамамызда Жаңару күні ретінде қалады. 19 жылдан бері елімізде елеулі өзгерістер болды, соған сәйкес Президент сайлауы, Мәжіліс, Сенат сайлауы өтті. Мәжілісте партиялармен бірге мандатты үміткерлер бақ сынады.
Шынында, бұл күн тұтас ұлттың тағдыры үшін қабылданған жаңа әлеуметтік-саяси өзгерістердің бастауы еді. Содан бері саяси ортада жаңашылдықтың лебі сезілді. Сындарлы сәттер, реформаларға толы болды. Халықтың тыныс-тіршілігі мен тұрмысын түзеу үшін байырқалы бастамалар қолға алынды.
Алтынбек Нухұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Экономикалық, саяси және тағы да басқа салалардың барлығында үлкен өзгерістер болып жатыр. Яғни, мемлекетімізде Жаңа Қазақстан, Әділетті Қазақстан деген ұранмен жасалынып жатқан істер аз емес екендігін де білеміз.
Сөйтіп, жаңашылдық пен жаңғыру Әділетті Қазақстан тұжырымдамасында көрініс тапты. Құжат заң алдында барлығы бірдей деген ұранмен басталды. Конституция үстемдігі қамтамасыз етілді. Ұлттық байлық әділ бөлінуі тиіс делінді. Елдік мүдделеріміз халықаралық ареналарда қорғалды.
“Жаңару күнінде жаңа көшеттерді, жаңа ағаштарды отырғызып ғана қоймай, бұл біздің тереңге бойлайтын тамырларымыз, яғни болашақ ұрпаққа жаңа саяси өзгерістер мен экономикалық өзгерістер, руханият саласында жасалатын жұмыстар, соның барлығы болашаққа деген сенімді, болашақ ұрпаққа жол көрсету, үлгі көрсету және солардың тамырларын терең бойлап, ертеңгі күні еккен бәйтерек болып, қазақ елінің гүлдену жолында қызмет атқара берсін дегіміз келеді”,- деді Алтынбек Нухұлы.