Өткен жылы орын алған қаңтар оқиғасы ел тарихындағы бұрын соңды болмаған тарихи трагедия болды.
Қаңтар оқиғасында мемлекетіміз қатты жапа шегіп, көп шығынға батты. Жаппай тәртіпсіздік кезінде жазықсыздан-жазықсыз қаншама адам құрбан болып, көптеген нысандар опат болды.
Алайда, бүгінде Мемлекет басшысының оң шешімдерінің арқасында ел басына түскен сынақты біртұтас ел болып еңсере білдік.
Бәрінен бұрын тыныштықтың қадірін түсіндік. Одан бері ел ішінде көптеген оң өзгерістер орын алып, біраз істер атқарылды. Мұның бәрі Әділетті Қазақстан құру жолындағы оң жүйелер еді.
Ендігі жерде халқымыз қасіретті оқиғадан сабақ ала білуі қажет. Себебі, елдің тыныштығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеу баршаға ортақ міндет.
Сәбит Халенов,
Мақат аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы