Өтініштерді жаңаша қарау тәртібі түсіндірілді

(0 Votes)

«Бүгін ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова бастаған ақпараттық-түсіндіру тобы Атырауда тұрғындардан түскен өтініштерді қарау тәртібін түсіндірді»,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбековтің төрағалығымен өткен жиынға әкімдіктегі жауапты сала мамандары, департаменттер, құқық қорғау органдары, басқарма және тиісті мекеме басшылары, аудан әкімдері, сондай-ақ селекторлық режимде ауылдық округ әкімдері қатысты.

Серік Айдарбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «халық үніне құлақ асатын мемелекет» тұжырымдамасының маңыздылығын атап өтті. Сосын осы жылдың 1-шілдесінде күшіне енетін ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес, өтініштерді қарауды жетілдіру мақсатында жаңа форматқа көшу үшін істеліп жатқан жұмыстарды баяндады.

«Қазіргі таңда Атырау қаласы мен барлық аудандарда сервистік әкімдік жұмыс істеуде. Сонымен қатар, кодекс талаптарын түсіндіру бойынша барлық мемлекеттік қызметшілер оқудан өтіп, тиісті сертификаттарын алды. «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне 213 мемлекеттік мекеме қосылып, өтініштерді өңдеу жұмыстары ұйымдастырылуда. Жалпы азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында қабылданған реформалардың маңыздылығын ескере отырып, алдағы уақытта бұл жұмыстар әкімдіктің тікелей бақылауында болады»,-деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

5709fb0a-1404-4e4f-9923-ea321df58da4

Серік Айдарбековтің айтуынша, тұрғындардан келіп түскен өзекті мәселелер негізінен жер және тұрғын үй, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету, білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері бойынша тіркелген.

Ал, өз кезегінде ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сай өтініштерді жаңаша қарау тәртібін жан-жақты түсіндірді.  

b282957c-52a3-42e5-a0b9-ea8630cba7a1

«Бірінші тоқсанда Президент Әкімшілігіне 449 мыңнан астам арыз келіп түскен. Мұның ішінде 50 пайызы жергілікті атқарушы органның үлесіне тиесілі»,-деген Т.Дүйсенова кодекс талаптарына сай, бұрын арыз 30 күн ішінде қаралатын болса, енді 15 күнде қаралатынын және әр түскен арызға әкімшілік іс ашылатынын жеткізді.

20b47433-f02e-4980-9ad6-9464cbe7b716

Айта кету керек, облыста жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдарға 16 мыңға жуық өтініш түссе, олардың 20 пайызы қанағаттандырылып, қалғанына заңға сәйкес түсініктеме берілген.

 

Мақат тынысы

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика