Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу: әйелдердің құқықтарын қорғаудағы өңірлік тәжірибе

(0 Votes)

  Ағымдағы жылдың 20 сәуір мен 20 маусым аралығында "Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" атты ауқымды акция өткізілуде.

Акцияның негізгі мақсаты: қоғамның назарын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына аудару, сыйластық қағидаттарын насихаттау, отбасында бір-біріне жәрдемдесу қағидасын және ішкі істер органдарына қоғамдық сенімді нығайту.

Атырау қаласында «Өңірлік шаралар жоспары» сараптамалық кездесу бағдарламасы аясында адам құқықтарын қорғау бағытында маңызды іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – адам құқықтары саласындағы өңірлік деңгейде тиімді және мақсатты әрекеттер жоспарын әзірлеу.

Кездесу барысында Атырау қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Орақбаева Әйгерім Тұрғынбайқызы «Отбасылық-тұрмыстық қатынастар шеңберінде әйелдерге қатысты жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар бойынша атқарылған жұмыстар» тақырыбында баяндама жасап, атқарылып жатқан нақты шараларға тоқталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT