“Отау” және “Наурыз” бағдарламасына өтінім қабылдау жүргізілуде

“Отау” және “Наурыз” бағдарламасына өтінім қабылдау жүргізілуде
(0 Votes)

Отбасы банкте өтінімдерді қабылдау 25 қыркүйекке дейін жалғасады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Ипотекалық бағдарламалар бойынша қаладағы Өркен, Балықшы, Көкарна ықшамауданынан және облыс аумағындағы Индербор кенті, Махамбет ауданы Ақжайық ауылы, Мақат ауданы Доссор кенті, Құрманғазы ауданы сондай-ақ, Құлсары қаласы мен Жаңа қаратон ауылынан екінші нарықтағы үй алуға болады.

Қазір бағдарламалардың шарттары бір жүйеге келтірілген.

Қатысушылар үшін:

- салымды жинақтау мерзіміне шарттар қойылмайды, депозитті өтінім берер алдында ашуға болады;

- заемдардың максималды сомасы ұлғайтылды – Астана, Алматы қалаларында 36 млн теңге және басқа өңірлерде 30 млн теңге;

- Алматы және Астана қалаларында тұрғын үй сатып алу орны бойынша тіркелу талабы жойылды;

- халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы тұрғын үйге мұқтаж жан ретінде есепте тұрған адамдар үшін сыйақы мөлшерлемесі 7%-ға дейін төмендетілді.

Биыл сәуірде осы аталған бағдарламалар бойынша 170 өтінім мақұлданған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT