Осы жылдың 10 айында 330 мыңнан астам бала дүниеге келді

(0 Votes)

 ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаевтың айтуынша, бүгінде денсаулық сақтау жүйесінде 2640 дәрігер-педиатр және 773 неонатолог жұмыс істейді. Перинаталдық скринингтің сапасын жақсарту үшін ұрықты қорғаудың 20 орталығы құрылды, 400 мыңнан астам жүкті әйел босанғанға дейінгі бақылауда болды.

 Балалардың денсаулығын сақтаудағы басты жетістіктердің бірі неонатологияда жоғары мамандандырылған көмек көрсетуді дамыту болды.

«2008 жылы елімізде дене салмағы 500 г болатын балаларға күтім жасала бастады. 10 жыл ішінде оң нәтижелерге қол жеткізілді. Дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 4 есе өсті. Нәресте өлімі 1,5 есе, балалар өлімі 1,6 есеге төмендеді», - деді спикер ОКҚ алаңында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT