ОРК дайындықты пысықтады

ОРК дайындықты пысықтады
(0 Votes)

 Орталық референдум комиссиясы елімізде АЭС салуға қатысты респуб¬ликалық референдумға дайындық барысын талқылады. Комиссияның екінші отырысында мүгедектігі бар адамдардың дауыс беру тәртібі, өңірлердің дайындығы, дауыс беруге арналған бюллетеньдерді әзірлеу, дауыс беру тәртібі мен референдумға халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу мәселесі талқыланды. 

Референдумға дайындық мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды қамта¬масыз ету туралы қаулы қабылдаудан бас¬талды. Орталық референдум комис¬¬сиясының мүшесі Анастасия Щегор¬цованың айтуынша, мүгедектігі бар адам¬дардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету – Орталық референдум комиссиясы қызметінің сөзсіз басымдығы.

«Қаулыға сәйкес жергілікті атқарушы органдарға референдум учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасау жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды. Дауыс беруге арналған үй-жайларды жарақтандыру бірқатар міндетті шараны көздейді: үй-жай-лардың физикалық қолжетімділігін қам¬тамасыз ету, тактильді көрсеткіш¬терді, дауыс беруге арналған арнайы каби¬наларды, құлаққаптары бар компью¬терлерді, лупаларды және т.б. орнату», – деді А.Щегорцова.

Осыған дейін мүгедектігі бар адам¬дардың сайлау құқықтарын қамта¬масыз ету бойынша Орталық сайлау комиссиясының жанындағы жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өткен. Жұмыс тобының отырысында мүгедектігі бар адамдардың барлық үш санатына қатысты мәселелер қаралған (көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар). Сондай-ақ нысандардың «Қолжетімділік картасын» толтыру жөніндегі жұмыстың аспек¬тілері, дауыс беру кезінде мүгедек¬тігі бар адамдарды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жақсарту үшін жұмыс тобы мүшелерінің ұсынымдары қаралған.

А.Щегорцованың мәлі¬метінше, Брайль шрифтімен оқитын зағип адам¬дарға 2 359 дана трафарет ба¬сыла¬ды. Барлық мүгедектігі бар адам¬дармен салыстырғанда бұл аз, бірақ учас-келер¬дің сұранысы төмен болған¬дықтан аз көлеммен шығарылмақ. Дауыс беруге арналған бір трафарет 20,5 теңге, ал Брайль шрифті бедерленген түрі 1 270 теңгені құрайды.

18-19 қыркүйекте екікүндік онлайн оқыту тренингі ұйымдасты¬рыла¬ды. Тренингке референдум комис¬сия¬ларының өкілдері және әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін әкімдік¬тердің қызметкерлері қатысады. Оқыту тренингінің бағдарламасын мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтары мен қажеттіліктері саласын¬дағы маман¬дар әзірледі және құрастырды. Тренинг ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің қол¬дауы¬мен «Шырақ» мүгедектігі бар әйел¬дер қауымдастығы» қоғамдық бірлес¬тігімен бірлесіп өткізіледі.

Орталық ре¬ф嬬рендум комиссиясы¬ның төрағасы Нұрлан Әбдіров отырысқа қатысушыларға науқан шеңберінде 9 қыр¬күйектен 3 қазанға дейін Ортବлық референдум комиссиясының төр¬¬аға¬сы мен мүшелері барлық 20 өңірге инс¬пеꬬция¬лық сапарлармен, сондай-ақ аумақ¬¬тық референдум орган¬дары¬¬на әдістеме¬лік және практикалық көмек көрсету мақсатында баруды бастаға¬нын жеткізді.

Мәселен, бүгінгі таңда 7 өңірге барып, аумақтық референдум комиссиялары мен Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының барлық уәкілетті органдары референдум өткізуге дайындық бойынша инспекциялық бақылау жүргізді. Сапар барысында АРК мүшелерін оқыту және ұйымдастыру сапасына баға берілді, сондай-ақ дауыс беру кезінде практикалық жағдайларға баса назар аударылды.

Аумақтық референдум комиссияларына, жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік көмек көрсетіліп, нақты практикалық ұсынымдар берілген. Комиссия мүшелерін оқытуға келетін болсақ, оқу жоспарлары мен кесте¬сіне сәйкес аумақтық референдум комиссияларының барлық 1 722 мүше¬сін оқыту аяқталған. 2-15 қыркүйек аралығында учаскелік референдум комиссияларының төрағалары, төраға¬ның орынбасарлары, хатшылары оқу¬дан өткен. Бүгінгі таңда учаскелік ре¬ф嬬рендум комиссияларының бас¬шы¬-лық құрамының барлық 30 981 ада¬мы оқытылған. 16 қыркүйектен 5 қазан¬ға дейін учаскелік референдум комис¬сия¬ларының мүшелерін, дәлірек айтқанда 37 346 адам¬ды оқыту жоспарланып отыр. Инс¬пек¬циялық сапарлар мен жергілікті бақылау іс-шаралары жалғасады. ОРК мүшелері сапарларын жалғастырады және қалған өңірлерге барып, ондағы оқытудың ұйымдастырылуын және учаскелердің дауыс беру күніне дайын¬дығын тексереді.

Жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің мәлімдеуінше, Орталық референдум комиссиясының басшысы учаскелердің дауыс беру күніне дайындығы мәселелерін бақылауда ұстап отыр, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін барлық жағдайды қамтамасыз ететінін жеткізді. ОРК мүшесі Сәбила Мұстафина мемлекеттік және орыс тілдерінде дауыс беруге арналған бюллетень нысаны мен мәтінінің жобасы дайындалғанын айтты.

«Дауыс беру қағазында «Согласны ли Вы со строительством атомной электростанции в Казахстане?» / «Сіз Қазақстанда атом электр стансасын салуға келісесіз бе?» деген екі сұрақ беріледі. Оған ИӘ, келісемін / ДА, согласен (-на) немесе ЖОҚ, келіспеймін / НЕТ, не согласен (-на)» деп жауап белгілеу қажет. Дауыс беруші дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі қояды», деді баяндамасында С.Мұстафина.

Облыстар мен Астана, Алматы, Шы쬬кент қалалары әкімдіктері ұсынған мәлі¬меттеріне сүйенсек, республика бйын¬ша тізімге 12 244 683 азамат енгізілген.

«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның нормасында дауыс беруге арналған бюллетеньдер учаскелік референдум комиссияларына дауыс беруге дейін кемінде үш күн бұрын және бір күннен кешіктірілмей жеткізілетіні де белгіленген.

ОРК төрағасы көру қабілеті бұзыл¬ған адамдарды дауыс беру мүмкіндігі қамтамасыз ету қажеттігін ерекше атап өтті. Ол үшін трафарет (Брайль шрифтісіз) және бюллетеннің аудио¬нұсқасы дайындалады және әр учаскіге жеткізіледі. Сонымен қатар Брайль шрифтімен жасалған трафареттер осындай қаріпті білетін азаматтар дауыс беретін жерлерде қолжетімді болады. Тиісті мәліметтерді әрбір өңір бойынша жергілікті атқарушы органдардың деректері негізінде аумақтық референдум комиссиялары қалыптастырды.

Ал ОРК төрағасының орынбасары Константин Петров 20 қыркүйектен бас¬тап әрбір азамат референдум учаскесі¬не жүгінуге және дауыс берушілер тізіміне өзінің енгізілуін және көрсетіл¬ген деректердің дұрыстығын тексеруге құқылы екенін айтты. Сол күннен бастап 5 қазан сағат 18.00-ге дейін тұрғылықты өңірден тыс жерге шығуды жоспарлаған азаматтардың тізімге енгізілген жері бойынша учаскелік референдум комиссиясында есептен шығару куәлігін алуға мүмкіндігі бар, ол басқа елді мекендердегі кез келген учаскеде дауыс беру құқығын береді. «Дауыс беру құқығына есептен шығару куәлігі жазбаша өтініш бойынша және өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін беріледі. Ол сенімхат бойынша алынуы мүмкін, бұл ретте нотариаттық растау талап етілмейді. Есептен шығару куәлігі бір елді мекен шегінде басқа учас¬кеде дауыс беруге қатысқысы келетін азаматтарға берілмейді. Жоғалған есептен шығару куәліктері қалпына келтірілмейді, дубликаттары берілмейді. Науқас туысы ауырған немесе оны күткен жағдайда үйде дауыс беру туралы өтінішпен учаскелік комиссияға жүгінуге болады», деді К.Петров.

Қандай да бір себептермен тізімдерде өздерін таба алмаған, бірақ референдум учаскесінің шекарасында тұратын азаматтар үшін дауыс беру күні тіркеу мекенжайын өзі тексеретін учаскелік комиссияға жүгінуге мүмкіндік болады. Тұрғылықты жері расталған жағдайда азамат тізімге енгізіледі.

Тіркеуі жоқ және осы себепті ешбір учаскеде тізімге енбеген азаматтар¬дың дауыс беру күні референдум учаскесінде тіркелуге және онда да¬уыс беруге мүмкіндігі болады. ОРК осы алгоритмдерін іске асыру үшін ЦДИАӨМ және ІІМ-мен бірлесіп азаматтар¬ды тіркеу орны бойынша мәліметтерді тексеру (4 622 учаскеде жұмыс істейді) және референдум учаскелер¬і¬нің мекенжайлары бойынша азамат¬тар¬ды тіркеу (196 учаскеде жұмыс істейді) екі тиісті онлайн-сервистер әзірленді.

Дауыс беру референдумның 10 327 учаскесінде өтеді. Оның ішінде 16 қыр¬күйектегі жағдай бойынша азаматтарды тіркеу орны бойынша 9 709 учас¬ке¬де, сондай-ақ 63 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 78 учаскені қоса алғанда, азаматтардың уақытша болатын 618 учас¬кеде өтеді.

Сондай-ақ Константин Петров дауыс беруге арналған бюллетеньдер жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін референдумға қатысу¬ға құқығы бар азаматтардың тізімдері негізінде азаматтарға берілуге тиіс екенін түсіндірді. Бұл ретте Е-gov порталынан немесе банктік қосымшалардың бірінен электрондық құжат ұсынылуы мүмкін. Азаматтар бюллетень алу тізіміне қол қояды. Бюллетеньді жасырын дауыс беруге арналған кабинада дауыс берушілер толтырады. Оларды толтыру кезінде дауыс берушіден басқа біреудің қатысуына тыйым салынады. Ерекшелік ретінде бюллетеньді өз бетінше толтыра алмайтын азаматтар ғана өздері сенетін адамның көмегін пайдалануға құқылы.

Спикер отырысқа қатысушыларға референдум өткізу кезінде аккредиттелген қо¬ғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шет мемлекет¬тер мен халықаралық ұйымдардың ак¬кре¬дит¬телген байқаушылары, шетел¬дік БАҚ өкілдері қатыса алатынын еске салды.

Дауыс беру күні дауыс беру үшін учаске ашылған сәттен бастап және да¬уыс беру нәтижелері анықталғанға дейін референдум учаскесінде дауыстарды санау кезінде бір мезгілде қатысуға құ¬қылы (әрбір аккредиттелген Қазақстан қоғам¬дық бірлестіктен, коммерциялық емес ұйымынан бір байқаушы; аудармашымен бірге жүруге құқылы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары; қызметтік куәлігі және редакцияның тапсырмасы болған кезде әр БАҚ-тан бір өкіл, әр телеарнадан үш өкілден артық емес). Референдум комиссияларының жұмысына араласуға жол берілмейді.

ОРК хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, осы жылдың 3 қыркүйегінде халықаралық байқау институты ашыл¬ғаннан бері Сыртқы істер министрлігінен аккредиттеуге бір халықаралық ұйым мен бес шет мемлекеттен байқаушылардың кандидатуралары ұсынылған.

Аккредиттеуге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы байқаушыларының Мис¬сиясынан 5 байқаушы, АҚШ-тан 1 кандидатура, Түркия, Әзербайжан және Мол¬дова 2 кандидатурадан, Армениядан 1 кандидатура ұсынылған.

Аккредиттеу үшін ұсыныстар түскен сайын байқаушылар бойынша деректер жаңартылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT