Департамент басшысының қатысуымен Өңірлік кадрлық резервіне іріктеу және мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар бойынша ақпараттық-түсіндірме бағытында жастармен кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында Департамент басшысы Ерлан Ермаханбетов өңірлік кадрлық резерві жобасына іріктеудің талаптары мен тәртібі, мемлекеттік қызметке орналасу бойынша ЖОО-ның түлектеріне берілген мүмкіндіктер туралы ақпараттандырып, өңірлік кадр резерві бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар ұсынды.
Өз кезегінде, Өңірлік кадрлық резервтің басты мақсатты – өңірдегі талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобына қалыптастыру екенін баяндап, жиынға қатысқан барша жастарды Іріктеуге белсене қатысуға мүмкіндіктерді жіберіп алмауға шақырды.
Атап өту қажет, Іріктеуге:
35 жастан аспаған; жоғары білімді;
3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Кандидаттардың құжаттарын қабылдау 1-31 наурыз аралығында onir.pkrezerv.gov.kz. сайтында жүзеге асырылады.