Олжас Сыдықбек «Elorda Aqparat» ЖШС директоры болып тағайындалды

(0 Votes)

Жаңа басшыны ұжымға Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов таныстырды деп хабарлады tuyrkystan.kz.

Олжас Дәуренұлы Сыдықбек 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы, 2010 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университетін «Режиссерлік» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Қазақ радиосында, телеарналарда жұмыс істеген.

«Қазақстан» республикалық телерадиокешені» АҚ бөлім бастығы, ҚР Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік жұмысы орталығының басшысы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония бас директорының орынбасары болған.

Айта кетейік, бұған дейін «Elorda Aqparat» ЖШС директоры болған Ерлан Қарабалаев мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты бұл лауазымнан босатылды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521