Оқушы қыздардың жүктілігі: Нартай Аралбайұлы сұмдық жағдайды айтты

(0 Votes)

Атырауда Мәжіліс депуттатары бас қосқан бірлескен көшпелі отырыста ана мен бала өлімі мәселесі талқыланды. Іс-шара барысында Нартай Аралбайұлы бұл мәселенің салмағы зіл батпан екенін атап өтті.

Осы тақырып аясында депутат жасөспірім қыздардың жүктілігі мен түсік тастауы жөнінде өзекті проблемаға ерекше тоқталды.

“2020-2024 жылдары елімізде кәмелет жасына толмаған 11 567 қыздың аяғы ауыр екені анықталды. Әріге бармайын, 2024 жылдың өзінде мектеп жасындағы 2136 қыз жүкті болып қалған. 2020-2024 жылдары жүктілігі анықталған кәмелетке толмаған қыздардың 8378-і босанған. 1 948-і түсік жасатқан.

Бұл сұмдық статистика, айыпты кім деген сұрақтың жауабын айналадан болмаса айдаладан іздемей, жауапты бүгін осы отырыста табу қажет. Себебі уәкілетті ведомстваның бәрі онлайн және оффллайн режимде қатысып отыр” деді депутат.

Сондай-ақ, кәмелетке толмаған қыздар жасанды түсікті жеке клиникаларда жасататынын,оның ресми есебі жоқ екенін, сонымен қатар жүктілікті алғашқы апталарды үзуге арналған препараттар дәріханаларда рецептісіз сатыла беретінін де қателік екенін атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT