21 қыркүйек күні Атырау облысы әкімдігі және Атырау облысы бойынша экология департаментінің ұйымдастыруымен аймақтың атқарушы органдары, кәсіпорындар және еріктілердің қатысуымен облыс көлемінде «World Clean Up Day» бүкіләлемдік акциясы өтті.
Бұл – қоғам табиғи және қоғамдық аумақтарды қоқыстардан тазарту үшін бірігетін күн. Бұл маңызды оқиға қоршаған ортаны таза ұстауға көмектеседі және табиғатқа қамқорлық пен. Экологиялық жауапкершіліктің қажеттілігін көрсетеді. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен акция бір уақытта бүкіл өңірде өтті.
Атырау қаласындағы тазалық шарасына қатысушылар 8 аумақты қоқыстан тазартты(Дамбы, Атырау, Кеңөзек, Қайыршақты, Еркінқала, Алмалы ауылдық округтерінің аумағы; «Атырау» ықшамауданындағы айналма автокөлік көпірінен Темір жол көпіріне дейін және осы көпірден Мечников көшесіндегі автокөлік көпіріне дейінгі Жайық өзенінің жағалауы; Қазіргі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының сол жағындағы ашық алаң; «Жұмыскер» елдімекенінен (ММС) Еркінқала ауылына қарай Жайық жағасы).
Атырау облысы бойынша экологиялық сенбілікке жалпы саны 6000 адам қатысты. Оның ішінде «АМӨЗ», «COCR», «ТШО» ЖШС, «Ембімұнайгаз», «Қазтрансойл»АҚ қызметкерлері белсенді болды. Жиналған барлық қоқыстар «Арнайыавтобаза»ЖШС-нің қоқыс полигонына жіберілді.