Облыс басшысы Құлсары қаласына барды

(0 Votes)

 Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бүгін су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және оның зардаптарын жою мақсатында Жылыой ауданындағы жағдайды тексерді.

Ол республика Премьер-Министрінің орынбасары, республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаевпен бірге Құлсары қаласындағы Жем өзені жағалауын нығайту жұмыстарының барысын қарады. «Болашақ» елді мекеніндегі қабылданып жатқан шаралармен танысып, «Жадырасын» және «Әуежай» шағынаудандарын аралады. Бұл аумақтарда қазір су тартылып, қауіп-қатер сейілді.

Құлсары қаласында қауіпті аумақтардағы бөгет салу және су басқан жерлерді қалпына келтіру мәселелері бойынша зерделеген вице-премьер Қанат Бозымбаев пен облыс әкімі Серік Шәпкенов бұған дейінгі берілген тапсырмалардың орындалуын пысықтады.

Ал, «Береке» шағынауданындағы Қамыскөлдің тұрғын үй секторына қауіп туғызар учаскелеріне қатысты нақты тапсырмалар берілді. Үкімет басшысының орынбасары мен облыстық штаб төрағасы ауданға келген гуманитарлық көмектің тасқыннан зардап шеккендерге тарату жайына назар аударды.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жағынан Жем өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласын су басқан. Соңғы мәлімет бойынша 31 009 адам қауіпсіз аумаққа эвакуацияланды.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы

t.me/oper_shtab_atyrau @oper_shtab_atyrau

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT