Облыс әкімі Серік Шәпкенов мереке қарсаңында әйелдер қауымы өкілдерін қабылдады

(0 Votes)

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай өткен кездесуге 40-қа жуық нәзік жанды қатысты. Олардың ішінде түрлі салада тынбай еңбек етіп жүрген нәзік жандылар, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

- Әйел адам бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен. Өйткені әйел адам тек қызметтің ғана адамы емес, отбасының ұйытқысы. Үйдегі қазан-ошақтан бөлек, бала тәрбиесі қоса бар. Бүгінгі кездесуге алтын уақыттарыңызды қиып келгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен гендерлік тепе-теңдікке байланысты көптеген істер атқарылып жатыр. Мәселен әйелдердің жұмыс барысында басшылық қызметке, қоғамдық қызметке етене араласып жүр. Мәжіліс пен мәслихатта арнайы квота енгізілді. Бүгінгі жиын барысында сіздің тараптан айтылатын ұсыныстарды әріптестеріммен бірге тыңдап, болашақта қызметімізде пайдаланып, ол жемісін береді деген сенімдемін. Баршаңызды тағы да мерекемен құттықтаймын. Ең бастысы - әйел адамның бақытты болуы. Сондықтан бастарыңыздан бақ кетпесін,-деді С.Шәпкенов.

Кездесуде ардагер Мақыш Гайсина сөз алды.

- Барша жиынға қатысушылар! Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын! Зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Осындай жиынға жүздесейік, еркін пікір алмасайық деп шақырғандарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін. Мұндай кездесуден тың ойлар туып, жаңа істер істеледі. Осы сәтті пайдаланып, облысымызда кәсіби хор ұжымы ұйымдастырылса деген тілегім бар, соған қолдау танытуыңызды сұраймын. Сол арманым орындалса, сіздерден қолдау тапсақ,бізді асығып күтіп жүрген тыңдарманымыз көп. Филармонияның жанына қазақ хоры құрылса, сол жанкүйерлеріміздің көңілінен шығар едік,-деді М.Гайсина.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT