Атырауда Наурызнаманың онкүндігі аясында мәдени іс-шаралар өткізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
16 наурыз күні Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні сағат 17:00-де орталық Исатай мен Махамбет аалңында мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Құрманғазы атындағы мәдениет үйінің көркемөнерпаздар ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынып, өз өнерлерін көрсетті.