Науқанның әділ өтуіне тілеулеспін

(0 Votes)

«Нұр Отан» партиясы жас буынына қашан да зор көңіл бөліп келеді. 2020 жылға дейін «Жастар Отанға» деген бағдарлама қабылданды.

Алайда, қолдау шаралары әлі де жеткілікті дәрежеде емес. Шешілмеген сұрақтар көбейіп тұр. Жемқорлық, баспана мәселесі, жұмысқа тұру – бұл мәселелердің барлығы бүгінде көпшіліктің назарында болып тұр.

Мысалы, «Бес әлеуметтік бастама» аясында жатақханалардағы орындардың жетіспеушілігін шешу көзделген болатын. Бұл әлі күнге  шешіле қойған жоқ. Қазір пандемия кезінде сабақтар онлайн  жүріп жатыр. Осы кезді пайдаланып, жатақханаларды көбейтудің мүмкіндігі туып отыр. 

Сол сияқты, жастарды тиімді түрде жұмыспен қамту жүйесінде кемшіліктер әлі бар. Міне, осы секілді көптеген мәселелердің шешімін табуда жастардың дауысы қажет-ақ. Мен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  жариялаған Үндеуін оқып танысып, алдағы саяси науқанның әділ әрі орнықты өтуіне тілеулеспін.

А.ЕСЕНАМАНОВА,

аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT