Нашақорлықтың алдын алу бағытында Quiz ойыны өтті

Нашақорлықтың алдын алу бағытында Quiz ойыны өтті
(0 Votes)

 Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Жастар ресурстық орталығы мен Атырау облысының Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, жасөспірімдер арасында интеллектуалды сайыс түрлерінің бірі болып саналатын Quiz ойынын ұйымдастырды. Мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және командалық іс-әрекетке баулу. 

Сайысқа бірнеше орта мектептің жоғары сынып оқушыларынан құралған 20 команда бақ сынады. Нәтижесінде, I орынды №50 орта мектептің оқушылары алса, II орынды №36 орта мектептің оқушылары иеленді. Ал, үздіктердің көшін №31 орта мектептің оқушылары тәмамдап, III орынды қанжығасына байлады. Тәртіп сақшысы жеңімпаздарды құттықтап, естелік сыйлықтарын тарту етті.

Сонымен қатар, Атырау облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ тобының қызметкерлері қоян-қолтық ұрыстың элементтерін көрсетсе, Кинологиялық қызмет орталығының кинологтары Хан есімді қызметтік иттің есірткі заттарын анықтау жұмысын таныстырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT