Мұнайшылар бес жұп аққуды құтқарды

(0 Votes)

Көктем, күз мезгілдерінде аудан аумағында ара-тұра құс төресі аққу табылып жатады. Ұяластарынан адасқан киелі құстарды кезіктірген қай-қай тұрғын болса да оны баптап, жануар жанашырларына табыстайды.

Міне, осындай жағдай жақында ауданға қарасты  Қошқар кен орнында да көрініс тапты. Мұндағы мұнайшылар тұзды сорда ұша алмай әлсіреп жатқан құстың сұлбасын көреді. Қасына барғанда оның аққу екеніне көз жеткізеді. Әбден қиналған аққуларды құтқарған жұмысшылар қолдан келген көмегін жасайды.

aqqu-1

Алдымен мұнайшылар екі аққуды көрген, кейін олардың саны көбейе түскен. Бұл жерден барлығы 12 аққу табылған. Десе де екеуі әлісіреп опат болған. Қалғандары бес жұп, аналық және аталық аққулар екен.

aqqu

«Аққулар түнде сорды мүмкін су деп қонған болар. Біз таңертен сор жағалауында ұшып кете алмай жүрген аққуларды байқадық. Қанаттары сордан зардап шеккен. Әріптестерім оларды көріп, бірден құрлыққа шығарып алды, бірақ олар ұшып кетпеді. Кейін олардың қанаттарында тұз қатып қалғанын байқадық.  Оларды суарып, жуындырып тазаладық»,- деді редакцияға хабарласқан Қошқар мұнай өндіру бригадасы шебері Әскер Қизбасаров.

aqqu-4

Сұңғақ мойындылар әлдеңгеннен кейін мұнайшылар оларды табиғи мекендеу ортасына Соколок өзеніне жеткізіп, айдынға жіберген. 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT