Бүгін Атырау өңірінде бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Атырау қаласының №12 және №18 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің аумағындағы 11 сайлау учаскесі, Қызылқоға ауданының №4 және №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша жалпы саны 2 сайлау учаскесі, Мақат ауданының №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің 1 сайлау учаскесінде және Махамбет ауданының №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің 2 сайлау учаскесінде дауыс беру жүргізіліп жатқандығын айтты.
Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ