Мобильді аударымдар бойынша кәсіпкерлерге тексеру жүргізілмейді - Қаржы вице-министрі

Мобильді аударымдар бойынша кәсіпкерлерге тексеру жүргізілмейді - Қаржы вице-министрі
Фото: otyrar.kz
(0 Votes)

Елімізде мобильді аударымдар бойынша кәсіпкерлерге қатысты тексеру жұмыстары жүргізілмейді. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті, деп хабарлайды Кazinform.

«Кәсіпкер немесе қызмет көрсетуші сауда айналымын көрсетсе, тұтынушыға чек берілсе, ол POS терминал арқылы өтсе, онда ешқандай сұрақтар туындамайды. Айта кетейін, мобильді аударымдар бойынша кәсіпкерлерге қатысты тексеру жұмыстары жүргізілмейді. Еске салсақ, қазіргі уақытта жеке кәсіпкер ретінде тіркелген шағын бизнес өкілдеріне арналған салық мөлшері 1-ден 4% аралығында төмендеді. Бұл шара өткен жылы 29 желтоқсанда Үкімет қаулысымен қабылданды», - деді Ержан Біржанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін мобильді аударымдар қандай жағдайда тексерілетіні туралы хабарлаған едік.

Елордалық мемлекеттік кірістер департаменті өкілінің мәлімдеуінше, жеке тұлғалар өздерінің туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек және басқа да өмірлік жағдайлар үшін мобильді аударымдарды жасап, қабылдай алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT