«Мұнайшы» орталық стадионы қайта жаңғыртылады

(0 Votes)

Атырау қаласындағы тарихи спорт нысандарының бірі – «Мұнайшы» орталық стадионын қайта жаңғырту жұмыстары жоспарлануда,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025–2026 жылдарға жоспарланып отыр. Жаңа жоба аясында стадион инфрақұрылымын заман талабына сай жаңартып, спортшылар мен көрермендерге қолайлы жағдай жасау көзделген.

- Қазіргі уақытта стадион «Бокстан облыстық мамандандырылған спорттық клубы» КМҚК теңгерімінде. Спорт инфрақұрылымын жаңғырту аясында облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысы бойынша стадионды кешенді түрде қайта жаңарту мақсатында жобалық-сметалық құжаттар (ЖСҚ) әзірленуде. Жоба авторы – «КазахЭнергоПром» ЖШС. Қазіргі таңда құжаттар мемлекеттік сараптамаға жолданды,- деді облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының баспасөз хатшысы Гаухар Ильясова.

Айта кетейік, «Мұнайшы» стадионы 1950 жылы пайдалануға берілген. Соңғы рет толық реконструкциядан 2003 жылы, ал ағымдық жөндеуден 2023 жылы өткен болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT