Мұнай айдау құрылғысынан бас тартқан "Каспий мұнай" компаниясы экологияны сақтауға қалай әсер етіп отыр?

(0 Votes)

 Қазақстан мұнайының 125 жылдығына ұйымдастырылған пресс-турға atpress.kz тілшілері қатысып, еліміздегі ірі қазақстандық “Каспий мұнай” компаниясының жұмысымен танысып келді.

“Каспий мұнай” АҚ Атырау облысы Айранкөл кен орнындағы мұнайды өндіру, өңдеу және оны экспорттаумен айналысып отырған қазақстандық компания. Компания өндірістің тиімділігін арттыру және экологиялық зиянды әсерді азайту үшін заманауи технологияларға инвестиция салуда.

2016 жылдан бастап "Айранкөл" кен орнында жұмыс жүргізуге барлық мүмкіндіктер жасап, мұнай қорлары мен өндіруді ұлғайту мақсатына 59,7 млрд теңге бағыттап отыр. ESG әлемдік стандарттарына сәйкес, жасыл технологияларды енгізуді көздейтін даму стратегиясы қолданылады.

"Каспий Мұнай" АҚ мұнай өндіру көлемі бойынша, еліміздегі жер қойнауын пайдаланушылардың ондығына кіреді. 2022 жылдың нәтижелеріне сүйенсек, компания ірі салық төлеушілердің арасында 20-шы орында тұрса, Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушылары арасында екінші ірі салық төлеуші болып табылады (бірінші орын – "Теңізшевройл", үшінші орын – "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг").

Бұл ретте "Каспий Мұнай" АҚ өндірген мұнайдың 50% ішкі нарыққа жеткізеді. Соңғы 10 жылда өндірісті дамытуға 69 млрд теңге салынып, 551 млрд теңге салық төлеген. Аталмыш мұнай компаниясында 14 күндік вахталық ауысымда 110 адам қызмет жасайды.

Сонда өндіріс ошағында барлығы 220 адам еңбек етеді. Жалақылары 850 мың теңгеден басталып лауазымына қарай өседі. Мұнай компаниялары арасында салық төлеуден 2-ші орында тұрған компания үшін қызметкер саны аз болып көрінеді. Себебі кейбір кен орындарында бір вахтада 20-40 мың адам жұмыс жасайды. Оның себебін түсіндіруге болады.

“Каспий Мұнай” АҚ өндірісті “Smart Field”- зияткерлік жобасымен басқарады. Компьютерлік технологиялардың дамығандығы сонша, мұнай көлемін, құрамындағы ерешеліктерін, қозғалыс бағыттарын да басқаруға мүмкіндік береді. Кен орнындағы барлық құрылғылар ең сапалы әрі замануи.

Компания бір ерекшелігі , “Мұнай айдау” құрылғысынан (Нефтекачалка) бас тартуында. Оның орнына автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысын (АГЗУ) орнатқан. Бұл құрылғы өте терең орналсқан мұнайды шығаруға мүмкіндік береді. Мұнай өнімдері өтетін құбырлар тоттанбайтын 50 жылдық кепілдігі бар шыны талшықтан (стеклопластик) жасалған. Кәсіпорын жүйеленген жұмыс пен озық технологиялырдың арқасында тасқын су кезінде де ең минималды шығынға ұшыраған. Компания жыл сайын еліміздегі қайырымдылық қорларына қаражат бөліп, жергілікті халыққа да көмек қолын созуда.

Жалпы компания 2024 жылы әлеуметтік бағытта ауқымды көмек көрсеткен. Атап айтсақ, келісімшарт негізінде өңірдің дамуына, Жылой ауданындағы әлеуметтік осал топтарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың жылу жүйесін жөндеу және жаңартып, су тасқыны кезінде көмек берген. Соынмен қатар “БКТУ” АҚ-ның оқу полигонын мен цифрлы аудиториясын жасақтаған.

Айгерім Талғатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT