Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау шаралары күшейтіледі

(0 Votes)

Атырауда облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен мүгедектер істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті,- деп хабарлайды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі. Жиынға мүгедектер істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері, селекторлық режимде қала және аудан әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік көмек көрсету және нысандарды бейімдеу, инклюзивті білім беру мәселелері талқыланып, тиісті басқарма басшыларының есебі тыңдалды. Отырыс қорытындысында облыс әкімінің орынбасары мүгедек жандардың өмір сапасын жақсарту бойынша тапсырмалар берді. Бүгінде өңірдегі барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдардың саны 27 мыңнан асады. Олар үшін сауықтыру орталығы және 4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы әлеуметтік қолдау көрсетеді. Сондай-ақ облыста мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауды қамтамасыз ететін 130 инватакси қызмет етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT