Миялы-Тайсойған жолындағы күрделі жөндеу жұмыстарын биыл аяқтау жоспарлануда

(0 Votes)

Жалпы ұзындығы 282 шақырым болатын Құрманғазы ауданындағы 7разъезд-Асан-Азғыр-Балқұдық-Сүйіндік жолының 36-шы шақырымға дейінгі аралығын орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде 10 шақырымына асфальт жабындысының астыңғы қабаты төселіп, 17 шақырымына жол негізі салынды. Бұл жұмысты жыл соңына дейін толықтай аяқтау жоспарланып отыр. Ол жөнінде Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржау Маратов айтты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 - Қазіргі уақытта осы жолдың 36-180 шақырым аралығын орташа жөндеу үшін жобалық сметалық құжат жасақталып жатыр. Жоба осы жылдың көктемінде сараптамадан оң қорытынды алса, жұмысты биылдан қалдырмай бастауды көздеп отырмыз. Қызылқоға ауданындағы Миялы-Тайсойған аралығындағы тас жолды күрделі жөндеу жұмысы басталғаны белгілі. 46 шақырымға жуықтайтын жолдың 39 шақырымына асфальттың астыңғы қабаты, яғни, ірі түйіршікті асфальт жабындысы төселді. Осы жылдың үшінші тоқсанында бұл жоба аясында жоспарланған жұмысты аяқтаймыз, - деді Нұржау Маратов.

Ал Исатай ауданына қарасты Қызылүй ауылына 32 шақырым кірме жол салу үшін жобалық сметалық құжат дайындалып, мердігер мекеме анықтау мақсатында тендер жарияланды. Бұл жоба ресайклинг әдісі негізінде іске аспақ. Яғни, көліктердің қозғалысы үшін қатқыл табанды жол салынады. Жұмыс нәтижесін берген жағдайда осы әдіспен 2026 жылы Жасқайрат ауылына жол құрылысын жүргізу жоспарда

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT