Миялы ауылының тұрғындарын ішінара эвакуациялау жүргізілуде

Миялы ауылының тұрғындарын ішінара эвакуациялау жүргізілуде
(0 Votes)

 Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылы Ойыл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты 2024 жылғы 31 наурызда сағат 17:45-тен бастап Миялы ауылының тұрғындарын Халықты қабылдаудың 3 пункті бойынша ішінара эвакуациялау басталды.

 Сағат 20:30-дағы жағдай бойынша Миялы ауылының 559 тұрғыны, оның ішінде 327 бала эвакуацияланды.

1. Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп:

210 адам, оның ішінде 124 бала;

2. Ы. Шореков атындағы мектеп-гимназиясы: 79 адам, оның ішінде 53 бала;

3. "Нұршуақ" балабақшасы: 270 адам, оның ішінде 150 бала;

Тұрғындарды эвакуациялауға ТЖД 12 қызметкер, 2 бірлік техникасы;

ЖАО 6 қызметкері 4 техникасы жұмылдырылды.

Қоғаммен байланыс тобы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT