Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ге сілтеме жасап.
Комиссия театрлар мен мешіттердің жұмысына қатысты бірқатар шешім қабылдады.
«Биыл 2 қарашадан бастап рұқсат етілсін:
- 30%-ға дейін толығумен, бірақ залда 100 адамнан асырмай, театрлардың жұмыс істеуіне (әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен);
- жұма намазын қоспағанда, мешіттерде ұжымдық намаз (бес намаз) өткізуге, бірақ залда 100 адамнан асырмай (2 м әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен)», делінген комиссия шешімінде.
Сурет: ашық дереккөз