Қоршаған ортаны қорғау – еліміздегі өзекті мәселелердің қатарына жатады. Себебі, табиғат байлықтарын сақтау - жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтардың өмірі мен қызметін, мемлекеттердің тұрақты экономикалық дамуының және әл-ауқатын арттырудың негізі болып саналады. Және бұл жағдайға қатысты елімізде көптеген шаралар қолға алынып, жүзеге асырылып келеді.
25 қазан Қазақстан Республикасы күніне орай облыс көлемінде «Жаңа Қазақстан. Таза Табиғат» атауымен жаппай қоршаған тазарту және көшет отырғызу акциясы өтуде. Акцияның мақсаты – туған өлкені көркейтіп, жасыл желекке айналдыру. Аудан орталығын көгалдандыру мақсатындағы акцияға Мақат кентіндегі барлық дербес бөлімдер және Мақат стансасы, Мақат желілік-өндірістік басқармасы, Мақат техникалық қызмет көрсету пункті қызметкерлері белсене атсалысты.
Жұмыла бірлескен акция аясында Азаттық көшесі бойына 150 көшет отырғызылды.
Ә.ҚАСЫМ