Мен үшін ең бастысы – адамдардың ризашылығы

Мен үшін ең бастысы – адамдардың ризашылығы
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп атады.  Сондай-ақ ауданымызда өз ісің сүйіп жасайтын қарапайым жұмысшы жандар аз емес. Соның бірі – Аққала ауылының тұрғыны Алмагүл Саламатқызы.

Ол  аудандық Мансап орталығы жанынан 7 жылдан бері қоғамдық жұмыста жасап келеді.  Сонымен қатар әр аптада шығатын жергілікті басылымды ауыл тұрғындарына жазып, таратуға да өз үлесін қосып жүр.  Күннің ыстығы мен суығына қарамай, әр үйге басылымдарды жеткізіп жүрген оның еңбегі сырт көзге қарапайым көрінгенімен, үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Газет тасушы апайымыздың арқасында ауыл тұрғындары жаңалықтардан құр қалмайды. Ол тек газет таратып қана қоймай, барша жанға қолынан келгенше көмектесіп, қарт кісілердің хал-жағдай сұрап, жылы сөзін арнап жүреді.

«Мен үшін ең бастысы – адамдардың ризашылығы. Олардың алғысы мен жылы лебіздері маған күш-қуат береді», – дейді ол.

Осындай адал еңбегімен ел алғысына бөленіп жүрген газет тасушыға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Оның еселі еңбегі әрдайым құрметке лайық.

Ақмарал Бокирова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT