“Мен Полицеймін”: департаментте квест ойыны өтті

“Мен Полицеймін”: департаментте квест ойыны өтті
(0 Votes)

Атырау облысы полиция департаментінде заң және тәртіп мәдениетін қалыптастыру бағытында “Мен полицеймін” тақырыбында Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерімен бірлесіп квест ойыны өтті. Танымдық шараға “Жас сақшы” кадет сыныбының оқушылары арасынан 9 қатысушы үш топқа бөлініп, нағыз полицейдің қызметін шынайы сезінуге мүмкіндік алды.

Ойынның басты мақсаты – балаларға ішкі істер органдары қызметінің бағыттарын таныстыру, құқық қорғау саласына деген қызығушылықты арттыру және тәртіп, ұйымшылдық, жауапкершілік секілді қасиеттерді дамыту.

Квест бірнеше бөлімнен құралып, әр кезең нақты бір қызмет бағытымен байланысты ұйымдастырылған. Балалар алғашқы тапсырманы полиция департаментінің музейінен белгілі ардагердің фотосын іздесе, криминалистика бөлімінде қылмыс орнын зерттеді. Сонымен қатар, рация арқылы құпия агенттен хабар алып, жасырынған затты тапты.

Ойын барысында командалар тапқырлық, зейін және ұйымшылдық танытты. Әр бөлімде арнайы жұмбақтар мен логикалық тапсырмалар орындалып, соңында жеңімпаздар анықталып, жүлделі І орынды «Тергеушілер» тобы барлық тапсырмаларды шапшаң әрі дәл орындап, жеңімпаз атанды. II орынға «Жедел криминалистер» тобы иеленіп, III орынды «Жедел уәкілдер» тобы қанжығасына байлады.

Шара соңында  қатысушыларға арнайы дипломдар мен марапаттар табысталып, «Жас полицей» атағы берілді. Полиция департаментінің қызметкерлері жас сақшыларға жылы лебіздерін білдіріп, ел тыныштығын қорғаудағы полицейдің рөлі мен абыройын түсіндірсе, өз кезегінде оқушылар ойыннан алған әсерлерімен бөлісіп, алғыс білдірді.

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT