Мемлекеттік қызметшілер марапат мінберінде

(0 Votes)

23 маусым күні мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Мемлекеттік қызмет – қастерлі міндет» атты салтанатты шара болып өтті.

Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында аудан әкімі Ринат Ибрагимов барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздің өсіп, өркендеу жолында абыройлы қызмет тіледі.

«Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс. Мемлекеттік қызметші болу – абырой мен үлкен жауапкершілік. Себебі, ол билік пен халық арасында байланыстырушы буын болып табылады. Сондай-ақ, ауданымыздың өркендеп дамуы жолында сіздердің еңбектеріңіз орасан зор. Бұл дегеніміз сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен тәжірибелеріңіздің арқасы деп білемін. Сіздерді тағы да кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, толағай табыстар тілеймін!»,-деді аудан әкімі Ринат Ибрагимов.

Жиын барысында мемлекеттік қызмет саласында абыройлы қызмет етіп жүрген бірқатар қызметшілер арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтқанда, аудан әкімінің аппаратының азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Г.Темірғалиқызы облыс әкімінің марапатына бөленсе, Мақат кентінің әкімі Е.Қонысбайұлы мен Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі Қ.Төлеуов облыстық мәслихат хатшысының, аудан әкімінің аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас маманы А.Айдынқызы, аудан әкімінің аппаратының мемлекеттік – құқықтық бөлімінің басшысы А.Айбекқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Қайролдақызы, аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кеңсе бөлімінің басшысы Ж.Мырзатайұлы және аудандық мәслихат аппаратының басшысы Н.Анесқызы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің облыс бойынша Департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасының алғыс хатымен марапатталды.

1cf1aa73-d46e-4d91-ac56-af1d6bc2e17c
Одан бөлек, аудан әкімінің алғыс хаты С.Маратқызы, Р.Сағызбайқызы, А.Исабайқызы, С.Қожағұлова, Ж.Жанұзаққызы, Г.Ермекбайқызы, Ж.Жаңбырбайқызы, Е.Болатұлы, А.Қарсақбайұлы, А.Жолдасқалиқызы, Ж.Болатқызы, М.Бағытжанқызы және аудандық мәслихат хатшысының алғыс хаты А.Айболұлы, Н.Теңелбайұлы және Б.Әділқызына табысталды.
Биыл алғаш рет кәсіби мерекелерін тойлайтын сот ұжымы қызметкерлері де назардан тыс қалмай кеш барысында Н.Сағызбайқызы, Х.Мархаба, А.Каримоллаұлы, С.Мақсотқызы, Э.Тілекқызы, А.Александрқызы, Д.Лұқпанқызы мен И.Байтаққызына аудан әкімінің алғысы тарту етілді.
Салтанатты шара барысы одан әрі мемлекеттік қызметшінің ант қабылдау рәсімімен жалғасты. Онда Доссор кенті әкімі аппаратының жетекші маманы Орынбасар Сағындықұлы Отанға адал болып, мемлекет мүддесі үшін еңбек етіп, кәсіби қызмет көрсетуге серт берді.
Айта кетейік, мерекелік шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, сала қызметкерлері де өз өнерлерін паш етті. Атап айтсақ, аудан әкімінің кеңесшісі, айтыскер ақын Анварбек Садықов арнау айтса, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінінің бас маман есепшісі Балнұр Примбетова «Көреғұлы» күйін орындады. Сонымен қатар, кәсіби мереке иелеріне аудан өнерпаздары арнайы құрмет білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.


Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521